Талдықорған қаласында ардагерлер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ақмола облысынан, атап айтқанда Атбасар, Целиноград аудандарынан, Степногорск, Көкшетау қалаларынан келген спортшылар түрлі наградаларға ие болды.
М5 дивизионында Берік Тарасов (90 кг), М5 дивизионында Болотбек Қожоев (82 кг), М5 дивизионында Бақыт Райымбеков (90 кг) чемпион атанды.
Екінші орынды М6 дивизионында Анас Исин (60 кг дейін), М-4 дивизионында Алибек Нұрсафин (66 кг) және М5 дивизионында Мұхтар Усин (74 кг) иеленді.
М – 6 дивизионында «қоланы» чемпионаттың ең жасы үлкен қатысушысы Смағұл Ахметжанов (74 кг) жеңіп алды.
Спорт ардагерлерінің жетістіктерінің арқасында Ақмола облысы 2023 жылы Атбасар қаласында қазақ күресінен ардагерлер арасында Қазақстан чемпионатын өткізу құқығына ие болды.