– Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек. Бұл туралы аталған орталықтың төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның атап өтуінше, өткен аптада орталық президенттікке кандидаттардың штаб жетекшілерімен кездесу ұйымдастырған. Онда үгіт-насихат жұмыстары кезіне қоғамдық мониторинг жүргізу, сайлау күні барлық учаскеде сайлау үрдістерін бақылау мәселелері бойынша пікір алмасу болған.
«20 қараша күні еліміздегі барлық сайлау учаскесіне байқаушыларымызды жіберуге ниетті болып отырмыз», — деді Төлеген Күнәділов.
Сондай-ақ орталық төрағасы президенттік сайлауды байқауға келетін ТМД, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың миссия өкілдерімен кездесулер жоспарланғанын да атап өтті.