Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қандай жағдай жасалынады? - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қандай жағдай жасалынады?

ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету, сайлау орталығында мәліметтердің болуын қамтамасыз ету туралы мәселелер қозғалды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен 29 сәуірге дейін Қазақстанның барлық өңірінде 70-ге жуық кездесу өткіздік. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы мәселелер сөз болды. 2017 жылдан бастап Орталық сайлау комитеті жанынан мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құрды. 2022 жылы 9 қыркүйекте жаңа жұмыс тобы құрылды, – деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің жұмыс тобы 11 өңірден жиылған адамдардан тұрады және олар мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасап отырған адамдар деді.

Сайлау учаскесінде мүгедектерге жағдай жасау ОСК қызметкерлері мен тікелей менің қадағалауымда болады, – деді Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ Анастасия Геннадьевна мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары толық қарастырылу керек екенән айтты.

Сайлау барысында мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайы толық қарастырылу керек. Сайлау учаскелерінде құлақаспаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етілуі керек. Және басқа да шарттар туралы барлық өңірлерге тиісті тапсырмалар да берілді, – деді жұмыс тобының мүшесі Анастасия Геннадьевна.

Сондай-ақ отырыс барысында сайлау учаскелері пандустар мен арнайв трафареттермен қамтамасыз етілетіні айтылды. Және дәл осы мәселеде қаражат үнемделмеу керек дейді төраға.

Сайлау учаскелерін пандуспен жабдықтау, саңырауларға арналған қажетті құрылғылар, арбалыларға лифті бар мекемелерді қарастыру сынды мәселелер ескерілуі керек.Саңырау сайлаушылардың едәуір бөлігі дауыс беруге қатысады деп болжанатын сайлау учаскелерінде жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің көмегімен сурдоаудармашылар, тифлосурдо-аудармашылар тартылуы қажет, – деді Нұрлан Әбдіров.

Аталмыш мәселелер ОСК және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ саңыраулар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі көмегімен жүзеге асырылатын болады.

Дереккөз: https://baq.kz/mugedektigi-bar-saylaushylar-ushin-qanday-zhagday-zhasalynady-290757/

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар