Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының прокуратурасында сайлау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының прокуратурасында сайлау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

 Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаев облыстың қалалары мен аудандары прокурорларының қатысуымен сайлау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Облыс прокуроры А.С. Майлыбаев облыстың қалалары мен аудандарының прокурорларына сайлау кезеңінде заңдылықтың, құқықтық тәртіптің, сондай-ақ жергілікті жерлердегі қауіпсіздіктің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс прокуроры прокуратура органдары қызметкерлерінің Этикалық кодекс, еңбек және атқарушылық тәртіп нормаларын сақтауының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, облыс прокуроры облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері құқық қорғау жүйесінің үлгілі өкілдері болуы және басқа мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/452094?lang=kk

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар