2022 жылы Қазақстанда өтетін президент сайлауының бюллетені дайын.
Дауыс берушілер таңдаған кандидаттың аты-жөні жазылған тұстағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы керек. Соңғы баған – «Бәріне қарсымын».
Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауға 11 миллион 950 мың 485 адам қатыса алады. Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды.
Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.