Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарттар мен мүгедектерге бірқатар көмектер көрсетіліп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Қарттар мен мүгедектерге бірқатар көмектер көрсетіліп отыр

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте қарттар мен мүгедектерге қандай көмектер көрсетіліп отырғаны туралы айтылды. 114 мыңға жуық ақмолалық әлеуметтік қолдауға ие болды. Оларға 890 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді, оның ішінде демеушілер мен меценаттар шамамен 560 миллион теңге бөлді.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында жарты мыңға жуық ақмолалыққа отын сатып алуға көмек көрсетілді. Азық-түлік жиынтықтарын 15 мыңнан астам адам алды. 46 мыңға жуық тұрғынға біржолғы ақшалай көмек берілді. 5 мың адам 364 миллион теңгеге басқа да көмек түрлерін алды.

– Қарттарды қолдау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарында тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға білікті медициналық тексеруден өту мүмкіндігімен тегін консультациялар, терапевт дәрігерлердің  кеңесін алу үшін «Ашық есік күндерін» өткізіп, үйлерге де барып көмек көрсеттік.  Ұйымдардың мамандары 3 мыңнан астам зейнеткерлер мен мүгедек адамдарға толық кепілдендірілген медициналық көмек көрсетті, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарында қарттармен кездесулер өткізіліп, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері зейнеткерлерге қажеттілік дәрежесін анықтау үшін аулаларды аралап, сыйлықтар, азық-түлік жиынтықтары мен ақшалай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, зейнет жасындағы ерлер мен әйелдер арасында шахмат-дойбы турнирі, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны сияқты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, облыста 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Оларда 1358 адам бар. Он орталықтың бесеуі қарттар мен мүгедектерге арналған.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар