Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау-2022: Теледебат кезінде қандай тақырыптарды талқылауға болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау-2022: Теледебат кезінде қандай тақырыптарды талқылауға болмайды

 – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін кандидаттардың сайлауалдындағы телевизиялық пікірсайысында қандай мәселелерді талқылауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастарды өткізу барысында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, тектік алауыздықты, зорлық-зомбылық қатыгездігіне табынуды қоздыруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді. Бұл осы пікірталастарда талқылауға қойылатын жалғыз шектеу ғана. Қалғанының бәрі, яғни заң аясында кез келген сұрақтар қойылуы мүмкін», — деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілген еді.

Фото: pistolentraining.de

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар