– ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ОСК төрағасы өткен аптаның соңында инспекциялық сапармен Павлодар мен Ақмола облыстарына, сол облыстардың шағын қалалары мен ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқанын айтты.
«Өкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақытылы жеткізу, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдадым», — деді Нұрлан Әбдіров.
Ашық көздерден алынған фото