Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы бақылау жүйесінің тынымсыз отыз жылы - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы бақылау жүйесінің тынымсыз отыз жылы

1992 жылы 15  қазанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті құрылды. Ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару орталық органдарының жүйесіне кірді.

Қаржы бақылау жүйесі және  мемлекеттік аудиттің қалыптасу және даму кезеңдері осылай басталды. Бұл орган ұлттық валюта – Теңге мәселесімен тығыз байланысты болғандықтан, дәл осы Теңге күні сөз қозғау және қаржы бақылау жүйесінің 30 жылдық мерейтойы туралы айту әбден орынды. Енді осы органның қалыптасу кезеңіне келсек, ол жағы былай өрбиді.

1995 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы бақылау мемлекеттік комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы болып қайта құрылды.

Одан әрі де бұл құрылым уақыт талабына және мемлекетіміздің дамып, нығаю кезеңдеріне байланысты бірнеше өзгерістерді басынан кешірді. Атап айтқанда, арада көп уақыт өтпей, екі жылдан соң біз айтып отырған басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы атауына ие болды.

Ал, 2005 жылдың 8 ақпанында тағы да келесі бұйрық бойынша аталмыш басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы болып қайта құрылды. 2008 жылы да осындай құрылымдық өзгеріс біздің басқарманы айналып өтпеді. Енді бұрынғы атауы қысқартылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы деп аталдық.

Мұның бәрін тәптіштеп қайталап жатқан себебіміз, заман ағымына сәйкес басқарманың өз ретімен дамып, нығаюын, соның ішінде төл теңгеміздің айналымға дұрыс енгізілуін, құндылығының неғұрлым ойдағыдай болуын, мемлекет қаржысының талан-таражға түспеуін бақылап, соған үлес қосушы тікелей мемлекеттік орган ретіндегі өзіндік рөлін көрсету десек артық емес.

2016 жылдың жазында жоғарыдағы инспекциямыз тағы бір жаңа атауға ие болып, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті болып қайта өзгертілді. Қазір міне, осы атаумен жұмыс істеп, қаржы бақылау және мемлекеттік аудит сияқты аса ауқымды да жауапты іспен етене айналысу үстіндеміз. Біздің қызметіміздің бар түйіні мемлекет қаржысының  жұмсалуын күнбе-күн қатаң бақылауда ұстап, мемлекеттік аудит жүргізу ісінің барысында кез-келген кәсіпорын-ұйым, мекеменің жұмыс тәрітібінің дұрыс болуын басты нысанада ұстау болып табылады.

Ал енді, облысымызда бір кезде алғаш қолға алынған осы жаңа құрылымның бастауында кімдер тұрды десек, алдымен аузымызға Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанынан құрылған Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының тұңғыш басшысы Қасқырбай Сейдахметов оралады. Одан әрі Ақмола мен Көкшетау өңірлерінің қаржы саласында біліктіліктері мол,сеніп тапсырылған іске адал, абзал ұлдары Рүстем Шериязданов, Серік Ыбыраев, Маман Жаңбырбаев, Ерлан Айтаханов, Қуандық Тоғаев сияқты іскер басшылар осы салада тізгінін мығым ұстады. Бұдан кейін де бұл салаға жетекшілік еткен Мереке Мұстафин, Нұрлан Бекенов, Дүйсенбек Әубәкіров сияқты азаматтар сала жұмысына мол үлес қосса, олардың басшылығымен бүкіл ұжым мүшелері де іске ынта, есеп-қисап жұмысына тиянақтылық танытты.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті содан бері өмірден өткен ардагерлерді де естен шығармай, әрдайым есімдерін құрметпен ауызға алып отырады. Ал, бүгінгі көзі тірі ардагерлер болса олар да қарттар айлығы, тағы басқа айтулы мерекелерде әрқашан назарымыздан қалыс қалмайды.

Біз үшін екі кәсіби мереке, яғни, Қаржы бақылау және ішкі аудит жүйесінің 30 жылдығы мен Ұлттық валюта – Теңге күні қатар тоғысып жатқан қуанышты күндері департаменттің барлық қызметкерлерін, сондай-ақ, осы саланың ардагерлерін кәсіби төл мерекелерімізбен шын жүректен қызу құттықтап, отбастарына амандық, еңбектеріне жеміс, өздеріне ұзақ ғұмыр тілегіміз келеді. Ал, қаржы бақылау саласындағы жұмысымыз бір сәт те тынбайтын өзіміздің департаментіміздің күнделікті тыныс-тіршілігіне келсек, алдағы уақытта да мемлекетіміз сеніп тапсырып отырған күрделі де қажетті шаруаны қолдан келгенше мығым атқарып, мемлекетіміздің игілігінің қолды болмауына барынша жол бермейміз деген ойдамыз.

Бауыржан ҚАБДЫРАШ,
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар