Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет түсімдері молайды - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет түсімдері молайды

Осыдан  29 жыл бұрын, 1993 жылы теңге ел тәуелсіздігінің экономикалық діңгегіне айналды. Дәл осы күн – 15 қараша Қазақстанның Ұлттық валюта күні және ел қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі атанды.

Бүгінгі таңда теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі.

Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті салықтар мен кедендік төлемдерді толық және уақтылы төлеуді қамтамасыз ету. Ол үшін кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалып, бизнесті дамыту үшін тиісті жағдайлар қалыптастырылуы қажет.

Биыл мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіби мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алып отыр. Айталық, биылғы жылдың 9 айының нәтижесі бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің жоспарлы тапсырмасы 6,2 пайызға асыра орындалды, мемлекеттік бюджетке 240,7 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8 миллиард теңгеге артық.

Департамент бекеттерінде әртүрлі кедендік рәсімдердегі тауарларға 9 893 декларация ресімделді, оның ішінде декларациялардың 80 пайызы жасыл дәлізде, яғни, лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз шығарылды.

Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтерді сапалы жүргізу. Азаматтардың сенім дәрежесі мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы ашықтыққа, олардың сапасы мен қолжетімділігіне, қызмет көрсету үрдісін ұдайы жетілдіруге байланысты және тұтастай алғанда мемлекеттік органдар қызметкерлерінің имиджін қалыптастыруға тигізер үлесі зор.  Осы кезеңде 58 мыңға жуық Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгенін атап өткен жөн.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандары  күнделікті қажырлы еңбегімен болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп отыр. Халыққа салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру, кері байланыс орнату бойынша, жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да цифрлық салық консультантын іске қосып, қазақ және орыс тілдерінде әзірледі және ол бот өте пайдалы функцияларға ие.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін орындау, жеңілдету және оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жетілдіру мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Сондықтан, «Е-SalyqАзамат», «E-Salyqbusiness»  мобильдік қосымшалары әзірленді, бұл азаматтардың салық рәсімдерін жеңілдеткен тегін мобильдік қосымшалар. Сондай-ақ,  кәсіпкерлер үшін онлайн-толықтыру, авто-есепке алу және қолда бар салық салу объектілерін қарауға қол жеткізу мүмкіндігін береді. «E-salyqAzamat» қосымшасының арқасында енді олар туралы мәліметтерді түзету үшін мемлекеттік кіріс органдарына барудың қажеті жоқ. Мұның бәрін онлайн режимінде жасауға болады.

Соңғы жылдардағы динамика цифрландырудың фискалдық әкімшілендіруге әсері күшейгенін көрсетеді. Жалпы, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы қосымша түсімдер есебінен, негізінен, салықтық-кедендік әкімшілендіру мен цифрландыруды жетілдіру есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде бюджетке 18 миллиард теңгеден астам қосымша түсім қамтамасыз етілді.

Департамент ұжымы ардагерлерге үлкен құрметпен және сыйластықпен қарайды. Біз мерекелерді бірге қарсы алып, іс-шаралар өткіземіз. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық құрылымдарының қызметкерлері арасында Ұлттық валюта – Теңге күніне және ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 30 жылдығына орайластырылған спартакиада өтті. Жарыс мини-футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша өтті. Спартакиада қорытындысы бойынша волейбол, үстел теннисі және шахматтан мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жеңімпаз атанды.

Тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада құрметке ие егемен мемлекетіміз құрылды. Бүгінде Қазақстан – біртұтас жер,біртұтас халық, біртұтас болашақ. Біздің ортақ міндетіміз – мемлекеттің әл-ауқатын күшейту болып табылады.

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Ұлттық валютасы – Теңге күнімен құттықтаймын! Сіздерге қаржылық өсім мен кәсіби жетістіктер тілеймін. Алдағы уақытта да жұмыс елдің экономикасы мен қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталсын!

Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар