Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!

«Адал көмек» жобасы аясында ағымдағы жылдың 15 қарашасында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және құрылыс мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтеді.

— Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы;

— Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі;

— Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің басшылығы азаматтарды қабылдайды.

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96/1, ХҚКО ғимараты

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдарды күтеміз!

159 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар