Жыл басынан бері ақмолалықтар 664 рет медициналық қызмет көрсету сапасына шағымданған. Сала мамандарының айтуынша, наразылық көбейюіне аймақтағы дәрігерлердің жетіспеуі себеп. Бүгінгі таңда облыс бойынша 240-тан астам медицина маманы тапшы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте баяндалды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты шағымдар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі кездесетінін аңғаруға болады. Тіпті петиция құру және қорға салынған қаражатты қайтару бойынша ұсыныстар да айтылады. Көптеген емделушілер атап өткендей, мемлекеттік емханалар мен ауруханалардағы тұрақты мәселелер мен кезектерге байланысты олар жеке медициналық ұйымдарға амалсыз барады, осылайша ақылы ем алады. Сондықтан олар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуді артық шығын деп есептейді. Осы жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылай келе, ӘМСҚ филиалының өкілдері бірқатар проблемалық мәселелер мен халықтың шағымдары бар екенін мойындады. Осылайша, олар ұйымдық қызметі әлсіз және мамандардың құзыреті төмен медициналық ұйымдарды кінәлі деп таныды.
–Сондықтан халық ақылы қызметтерге жүгінуге мәжбүр. Емделушілер шағымының өсуі МӘМС-ке теріс көзқарасты қалыптастырады. Мысалы, Біржан салда кардиолог маманына консультацияға жолдама берілмейтіндігі, Степногорск қаласында инфекционист маманның жоқтығы туралы шағымдар, сондай-ақ, Көкшетау қалалық емханасындағы балалар травматологы «Жанұя» мекемесіндегі сурдологқа, ортопедке, окулистке және неврапатолог мамандарына ақылы түрде жолдама береді деген пациенттердің шағымдары бар. Осы сынды халық базынасының сипатына сүйене отырып, бүгінгі таңда өткір жаһандық проблема анықталды – бұл кадрлардың тапшылығы, медициналық ұйымдарда дәрігерлердің жетіспеушілігі, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.
Кадрлардың жетіспеушілігі ашщы шындыққа ғана емес, шешімін таппай келе жатқан үлкен мәселеге айналды. Шенеуніктер қауымы бұл мәселе жыл сайын шешіледі деп сендіреді. Мысалы, ресми ақпаратқа сәйкес, Біржан Сал аудандық ауруханасында штаттық кардиолог бар. Бірақ ол 0,25 мөлшерлемемен жұмыс істейді және пациенттерді аптасына 1 рет қана қабылдайды. Қазіргі уақытта ауданда 16 мыңнан астам адам тұрады. Іс жүзінде осындай жағдай облыс орталығында да бар. Көкшетау қалалық емханада қосымша 0,25 ставкаға екі балалар травматологы ғана жұмыс істейді.
Медициналық қызметтердің сапасына келетін болсақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалында пациенттердің шағымдары мен өтініштеріне талдау жүргізілді:
–КДР ұсынудан бас тарту (диагностикалық қызметтердің тар мамандары) бойынша – 76, учаскелік қызметтің сапасыз медициналық қызмет көрсетуі (ЖПД, дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатр) – 64, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге сапасыз медициналық қызмет көрсету – 63, стационарларда медициналық қызмет көрсетудің төмен сапасы – 33, МСАК ұйымдарында медициналық қызметтердің сапасыз көрсетілуі – 32, медициналық этика мен деантологияны бұзу – 30, стационарда медициналық көмектің сапасыз көрсетілуі – 33, ауруханаға жатқызудан бас тарту бойынша 20 шағым түскен.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының басшылығына өңірдің көптеген тұрғындарының МӘМС жүйесіне наразылығы және жарналарды енгізудің тиімділі туралы сұрақтар қойылды. Шынында да, азаматтардың МӘМС жүйесінде сақтандыруы жеткіліксіз, олар үшін уақтылы және сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі маңыздырақ.
–Сақтандыру мәртебесіне ие әрбір азамат МӘМС жүйесінде кез келген медициналық көмек алуға құқылы. Барлық диагностикалық қызметтерге, кәсіби тексерулерге, тәулік бойы стационарлық емдеуге жатқызуға. Ол үшін сақтандыру мәртебесі қажет. Қор-бұл жинақтаушы жүйе емес, ондағы ақша кез келген сақтанушыға жұмыс істейді. Егер адам әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды аудармаса және медициналық көмекке жүгінбесе, бұл ақша жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Өйткені басқалар жүгінеді және бұл ортақ көмек. Яғни, медициналық көмекке жүгінген және қымбат емдеуді қажет ететін басқа азамат бұл науқасқа барлық ақшаны жұмсайды. Себебі бұл ынтымақты көмек. Бұл банк емес, жинақтаушы жүйе емес, – деп түсіндірді Талғатбек Тілеубердин.
Мамандар Ақмола тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы да атап өтті. Бүгінгі таңда көрсеткіш өңір халқының 82 пайызын құрайды. 142 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Бұндай азаматтардың дені Көкшетау қаласында – 37 мың адам және Степногорск қаласында – 12 мың тұрғын. Көріп отырғанымыздай, өңір халқының едәуір бөлігі МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді алуға асықпайды.
–Сақтандырылмаған адамдар негізінен жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген жұмыссыздар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе тұрақты табысы расталмаған адамдар, еңбек шартын ресімдемей еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Бұл факт әлеуметтік наразылық себептерінің бірі. Бұл оларға жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмекке, аурулардың профилактикасы мен диагностикасына қол жеткізуді қиындатады, – деп түсіндірді «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар бірнеше рет жарналарды төлеу кезінде қиындықтарға тап болды. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде МӘМС үшін жарналарды төлеудің жаңа тетігі-бір жыл бұрын басталды. Оны барлық тәуелсіз төлеушілер және жүйеге ешқашан төлемеген немесе оны тұрақты қолданбайтындар пайдалана алады. Қазір 12 ай бұрын жарналарды төлей отырып, тәуелсіз төлеушілердің МӘМС жүйесіне кіруінің баламалы тетігін көздейтін норма заңнамалық түрде іске асырылды. Бұл ретте өткен 12 айдағы берешек жойылады және МӘМС жүйесінде медициналық көмек жарналар төленген сәттен бастап қолжетімді болады. Қор мамандары Сақтандырылған тұлға мәртебесін алудың жаңа тетігін енгізуді МӘМС жүйесіндегі ең күтілетін және тиімді өзгерістердің бірі деп санайды. Осы жылдың қыркүйегінен бастап пайда болған сақтандыру мүмкіндігін азаматтардың көпшілігі оң бағалады және бұл механизмді қазан айының ортасында шамамен 1400 адам пайдаланды. Бірақ жаңа тетіктер мен ережелерге қарамастан, азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне деген сенімсіздігі әлі де бар.
Камила Әбделманова.