Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар тілегі атқарылған жұмыстар арқылы іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар тілегі атқарылған жұмыстар арқылы іске асырылуда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың аймақ бойынша кезекті жұмыс сапары Бұланды ауданы және Степногорск қаласының тұрғындарының алдында есеп беру аясындағы кездесулерімен жалғасты.

– Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің орташа жалақысы, өкінішке орай, аз, шамамен 170 мың теңге. Өңірге өндірістік кәсіпорындардан инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарының табысын арттыру – біздің басты міндетіміз, – деді аймақ басшысыБұланды ауданында болған жұмыс сапары барысында.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарына қай жерге жұмысқа орналасуға болатынын айтып берді. Ол Бұланды және Бурабай аудандарының шекарасында орналасқан, Николаевка ауылының маңында «RG Processing» алтын айыру зауыты ашылғанын, онда 6 миллион тонна кенді өңдеп, құны бірегей өнеркәсіптік кәсіпорынның 100 миллиард теңгеден асатын 100 жұмыс орны ашылғанынан хабардар етті.

– Ең жақсы клейковинасымен аты шыққан жоғары сапалы ақмолалық ұн әлемнің 26 еліне экспортталады, – деді облыс әкімі. – Бүгінде тасымалдауда, вагондарды жеткізуде көптеген мәселелер бар, бірақ, бәрі тиісінше реттеледі. Ауыл шаруашылығын «өз бетінше қалдырды» деген дұрыс емес: мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 70 миллиард теңгеден астам субсидия бөлді, оның 40 миллиарды қайтарымсыз субсидиялар. Биылғы жылы егіс науқанына 20 миллиард теңге бөлінді. Бұл – үлкен мемлекеттік қолдау.

Бұланды ауданы қазір ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша жетекші орында тұр, бұл жалпы облыстың 11 пайызын құрайды. Ал, қазіргі кездегі ең өзекті мәселе әлі де жайылымдық жер тапшылығы. Облыс әкімі өңірде үлесті бөлу мәселесі тағы да өткір тұрғанын еске салды. Осы мәселелерді қарау үшін облыс әкімінің кеңесшісі Ғ.Әбдіхалықов жетекшілік ететін жұмыс тобы құрылды. «Біз барлық мәселені бірге шешеміз. Тек егін шаруашылығымен айналысатын болсаңдар, жерді қайтару керек, болмаса мал шаруашылығын дамыту керек», – деді Ермек Боранбайұлы.

– Ауданда жеке тұрғын үй құрылысы жоспары орындалуда, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеев. Сондай-ақ, ол несиелік баспанаға қатысты маңызды жайтты былайша түсіндірді: «1 шаршы дайын баспананың метрі бүгінде 280 мың теңге тұрады. Кезекте тұрғандар үшін шаршы метрі 130 000 теңгеден сатылуда. Қалған шығындар облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жабылады. Бұл кезекте тұрғандарға үлкен көмек, өйткені, баспана жеке меншікке айналады»,  – деді ол.

Облыс әкімі Макинск қаласының негізгі жолдары ретке келтірілгенін атап өтті. Бірақ, олардың сапасы туралы мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Ермек Маржықпаев сөзін қуаттай отырып, битумның жоқтығын айтып, «ойланатын»,басқа сылтаулар айтатын залда отырған мердігерлерді ұятқа қалдырды.

Ермек Боранбайұлы облыстағы білім сапасының 56 пайызына қатты көңілі толмайтынын айтып, 180 мың теңге алатын учаскелік полиция қызметкерінің жалақысымен салыстыра отырып, жоғары санатты мамандардың жалақысы шамамен 520 мың теңгені құрайтын ауыл мұғалімін еске салды. «Неге біз нашар жұмыс істейміз? Мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттырып, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдады. Облыс бюджетінің үштен бірі білім саласына бағытталған. Арнайы үлгідегі кабинеттер бөлеміз, сыныптан тыс жұмыстар ақылы. Біз өзімізбен жұмыс істеп, команданы ынталандыруымыз керек!», – деп талап қойды облыс басшысы.

Азаматтарды қабылдауда бұландылықтар ауылдарды сумен қамту және жарықтандыру мәселелерін қозғады. Жедел жәрдем жүргізушісі жедел жәрдем ғимаратының апатты жағдайын, жүргізушілер үшін арнайы киімдердің жоқтығын айтты. Ал, Макинск қаласының тұрғыны, бұрынғы есепші Татьяна Мартемьянова Ермек Маржықпаевқа ауылдың тыныш, бейбіт өмірі, зейнетақының уақытылы төленуі және ауданның біртіндеп абаттандыруылып жатқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. «Біз бірнеше жылжайсыз жағдайда өмір сүрдік, отын тасып жүрдік, енді бізге өркениет келді», – деді зейнеткер өз сөзінде.

Степногорск қаласында облыс әкімі Ермек Маржықпаев екі нысанды аралап, қала тұрғындарын шын жүректен қуантты.

Өңір басшысының айтуынша, бұрын 265,3 шаршы метрді құрайтын ғимаратта осы уақытқа дейін қала әкімдігінің гараждары орналасқан болса, қазір мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың демалыс орталығы ашылды. Жөндеу жұмыстарына 13,4 миллион теңге бөлінсе, оның 5 миллионы облыстық бюджеттен қарастырылған. Күрделі жөндеуден өткен, жарық, жақсы жабдықталған бөлмеде 30 мүмкіндігі шектеулі жан спортпен шұғылданады.

– Олар күн сайын электрлік және жоғары блок тренажерінде жаттығады, жүгіру жолын пайдаланады, реттелетін гантельдермен жаттығады, көп функциялы қуат симуляторын пайдаланады, швед қабырғасына көтеріледі, сонымен қатар, екі ыңғайлы үстелде үстел теннисін ойнайды, – деді қала әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Станислав Мұхамадиев.

Облыс әкімі халықпен кездесуінде Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, мұнда негізінен өнеркәсіп саласы дамып келе жатқанын айтып, әр гектардан 8 центнерден астам астық жинағанын атап өтті. Егер өсімдік шаруашылығын дамыту туралы айтатын болсақ, картоп өсіруде жақсы көрсеткіштер байқалды: оныңалаңы 35 пайызға ұлғайтылды, өсуге мүмкіндік мол. Мал шаруашылығы біртіндеп дамып келеді: қазір бас саны аз, бірақ өсу қарқыны облыс бойынша үздік: 7 пайыздан 15-20 пайызға дейін өскен. 6 елді мекенде жайылым тапшылығы әлі де сақталуда.

6-шы ықшамауданның №85,86,87 аулаларының тұрғындары үйлерінде үнсіз қалмай, аулаларды жақсы көркейткені үшін облыс басшысына ризашылықтарын білдірді. Белсенді мердігерлер – «Камила» ЖШС заманауи балалар және волейбол алаңдарын орнатып, 11 воркаут-машина орналастырып, жаяу жүргіншілер жолын жабдықтап, жолдарды асфальттап, автотұрақтарды көбейтті. Ауарайының қолайсыздығына қарамастан, жастар 392 шаршы метр футболалаңында спорттық ойындарды құмарлана ойнады. Абаттандыруға облыстық бюджеттен 253,7 миллион теңге бөлінді.

Азаматтарды қабылдау барысында «Бақытты балалық шақ» үлгілі хореографиялық ұжымының жетекшісі Оксана Осипченко аймақ басшысына өз сұрақтарымен жүгінді. Мәдениет қызметкері «Горняк» мәдениет сарайын күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлуді сұрап, көпшілік іс-шаралар, соның ішінде жаңа жылдық шыршалар, жастар акциясы және тағы басқа шаралар өтетін залдағы терезе мен витражды ауыстыруды сұрады. Ғимараттың салынғанына 46 жылдан асқан, ал,  жұмыстарды жүргізуге шамамен 59 миллион теңге қажет екен. Сондықтан, бұл жұмысты бастау үшін облыс әкімі соманың жартысын бөлуге уәде берді.

– «Бақытты балалық шақ» өнер ұжымы биыл облыстағы хореографиялық ұжымдар арасында үздік деп танылды. Біз республикалық байқаулардың лауреаттарымыз, биыл Алматыда өткен халықаралық «Қазақстан таланттары» байқауында біздің команда бірінші орынға ие болды, сонымен қатар, Астана қаласында Гран-приді жеңіп алды, – деді Оксана Осипченко.

Облыс әкімі де бұл жетістіктерге ризашылығын білдіріп, осындай жұмыстарды жалғастыра беру қажеттілігіне тоқталды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА. 

Суретті түсірген Айбека ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар