Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылғы 10 қараша күні 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының ІІ турын (облыстық) өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.
Олимпиадаға математика және тілдер (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша жақсы меңгерген 50-ден астам оқушы қатысты.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 24 қарашада өтетін ІІІ турға (республикалық) ең жоғары балл жинаған Танымова Дильназ және Ким Камила қатысады.