Жуырда 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, Көкшетау қалалық орталық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Тәуелсіздік нышаны – ұлттық теңге» тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді. Оған кітапхананың жас оқырмандары шақырылып, балалар ұғымына сай қарапайым тілмен төл теңгеміздің қадір-қасиеті, тарихы туралы әңгіме өрбіді. Балғындар да өз кезегінде теңге туралы алғашқы түсіністерін білдірген тәлімді іс-шара қатысушыларға ой салып, тәуелсіздігіміздің қасиетті нышандарын білгізе түсті.
Асылзат ҚАЙЫРҒАЛИҚЫЗЫ,
кітапханашы.