ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын жасады.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік органдармен 7 млн 124 008 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді (олардың ішінде 6 млн 039 497 мың немесе 84,8% жергілікті атқарушы органдармен және 1 млн 084 511 мың немесе 15,2% орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілді). Өткен жылғы осындай уақыт кезеңі аралығында 6 млн 206 204 мың мемлекеттік қызметтің көрсетілгенін атап өткен жөн. Осылай өсу деңгейі 917 804 мың қызметті құрап отыр.
Егер қызметтерді көрсетудің тәсілдеріне келетін болсақ: қызмет көрсетушілермен — 66 540 мың, мемлекеттік корпорация арқылы — 307 145 мың қызмет көрсетілді.
Электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 94,8% құрады (өткен жылғы осындай уақыт кезеңі аралығында 5 млн 840 717 мың немесе 94,1% қызмет эл. нысанда көрсетілді).
Бүгінгі таңда халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
Жазира Тоқтар,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.