20 қарашада өтетін саяси додаға елімізде 10 101 учаске әзірленді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Qazaqstan.tv жазуынша, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті. Әрі ел бойынша 11 миллионнан астам сайлаушының тізімі жасалды.
Бұдан бөлек, 35 шет мемлекеттен сайлауға 641 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу рәсімдерінің барынша ашықтығын және демократиялығын қамтамасыз етеді, – деді Нұрлан Әбдіров.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/eluden-astam-elde-68-saylau-uchaskesi-quryldy-osk-292007/