Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның маңыздылығы - АРҚА АЖАРЫ

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның маңыздылығы

Ағымдағы жылдың 5-ші қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде бірқатар заңдарға қол қойғаны баршаңызға мәлім.

Осындай салтанатты түрде Президент Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына қол қойды.
Бұл заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді.
Бірінші, осы Конституциялық заңның новелласы – Бас Прокурор жаңадан құрылған Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын, халықаралық шарттардың және нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады.

Сондай-ақ, Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот тәжірибесі мәселелері бойынша соттарға түсіндіру беру туралы ұсыныспен жүгіне алады.
Екінші, прокурорлардың қадағалау функциясын арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті – заң бұзушылыққа жол бермеу туралы заң түсіндіру енгізілді.

Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілеттімен өзара іс-әрекетте болады және оның қызметіне көмек көрсетеді.
Үшінші, прокурорлармен азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері өзгерді.

Осыған дейін көптеген шағымдар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданып отырса, енді прокурорлар халықтың мәселелерін өздері қарайтын болады.
Ол үшін прокурорлармен қаралатын шағымдардың тізімі кеңейтілді.

Азаматтардың өтініштері бойынша мемлекеттік органдар әрекетсіздік танытса, прокурорлар ықпал етіп, тиісті шаралар қабылдайды.
Бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін болса, прокурор осындай арыздарды қарауға құқылы.
Сондай-ақ, егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларға және өзге де жағдайларға байланысты, өзінің құқықтарын қорғай алмаса, прокурор арыз/шағымдарды қарай алады.

Төртінші, прокурорлар, бизнес мүдделерін қорғау мақсатында, жеке кәсіпкерліктің қызметіне мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының араласуы туралы арыздарды қарай алады.
Бұл ретте прокуратура өзге мемлекеттік органдардың функцияларын ауыстырмайды.
Бесінші, енді Конституциялық заңда мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу функциясы пайда болды. Бұдан былай прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Алтыншы, егер бұрын прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар берген болса, қазіргі таңда бұл нұсқаулар тізбесі едәуір дәрежеде толықтырылды: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу, атқарушылық іс жүргізу, жазаларды орындау, прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ прокуратураның мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу.

Жалпы, прокуратура туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы, прокурорлардың адамның, мемлекеттің және бизнес субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда прокурорлардың құзыреттілігі мен әлеуетін кеңейтетіндігі сөзсіз.
Прокурорлардың жұмысындағы басты бағыттардың бірі адамның құқықтарын қорғау екенін атап өткім келеді.
Бірнеше күн бұрын облыс прокуратурасы өңіріміздің 20 қала/аудандары мен 230 ауылдық округтерін қамтыған бір ай бойы жүргізілген «Заң керуені» акциясы аяқталды. Осы акция барысында заң түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, халыққа мүмкіндігінше сол жерде көмек көрсетілді.

Осы акцияға 30 мыңнан астам азаматтар қатысып, алименттерді өндіру, жерге қатысты, медициналық көмек көрсету, жұмыспен қамту сияқты мәселелермен келген 500-ге жуық азаматтарға нақты көмек көрсетілді.
Бұл прокурорлармен жасалып жатқан жұмыстың аз ғана бөлігі, біздің жұмыс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға бағытталғанын тағы бір мәрте атап өткім келеді.

Ақмола облысының прокуроры
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар