Президент сайлауы күні Ақмола облысында 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның 11-і — қыз, бесеуі — ұл, арасында егіздер де бар.
Ақмола облыстық перинаталды орталығының бөлім жетекшісі Айымгүл Маханованың айтуынша, қазіргі кезде балалардың және олардың аналарының жағдайы жақсы.
«Жылдың басынан бері өңірде 3820 сәби дүниеге келді. Қазіргі кезде облыстық перинаталды орталықта жаңа босанған және жүкті 80-ге жуық әйел бар. Оның барлығы осында ұйымдастырылған сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сонымен бірге, бүгін сайлау күні 16 сәби дүниеге келді, оның 11-і қыз, бесеуі ұл, арасында егіздер де бар», — дейді Айымгүл Маханова.