Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алғаш дауыс берген көкшетаулық қызға сыйлық берілді - АРҚА АЖАРЫ

Алғаш дауыс берген көкшетаулық қызға сыйлық берілді

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Айым Азаматқызы алғаш президент сайлауына қатысып сыйлықпен олжалы болды. Студент қыз бұл күнді асыға күткенің және ерекше дайындықпен келгенін атап өтті.

Толқынысын да жасырамады.
«Мен үшін бұл күн аса маңызды. Себеді бала күнімде ата-әжелерімнің немесе әкем мен анамның сайлауға қатысып жататынын көріп іштей қызығатынмын. Елдің өркендеуі мен гүлденуіне әр қазақстандық сайлауға қатысып, өз үлесін қоса алады деп ойлаймын»,-деді Айым Азаматқызы.

Көкшетау қаласының №47 сайлау участкесіне 2102 дауыс беруші тіркелген. Соның ішінде 69 азамат 18 жасқа толып, алғаш саулауға қатысып жатыр.
Көз қуантақаны азаматтардың осынау айтулы, тарихи күнге үлкен жауапкершілікпен қарауы. Зейнеткерлер қауымы да аса белсенді. Әрқайсының өзі таңдаған кондидаттан үміті зор. Жасы 80ге таяған Сабира апа да сайлаудан кейін елде оң өзгерістер орын алады деп сеніп отыр.

«Сайлауға қатысу аса маңызды. Үлкен үміт артып отырмыз. Көпбалалы анарлардың жағдайы оңалса деймін. Ел экономикасы жақсарса деймін. Сол себепті білікті басшы сайлау біздердің, халықтың мойнында. Халық үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет»,-дейді Сабира Абдрахманов.
Көкшетау қаласының «№ 17 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде барлығы 3 сайлау участкесі бар. №45 участкеде 1030 адам , № 46 участкесінде 1915 сайлаушы тіркелген болса, №47 сайлау участкесінде 2102 сайлаушы дауыс беруі тиіс.

Камила Әбделманова

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар