Көкшетау қаласындағы №729 және №730 сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр.
№729 сайлау учаскесінде барлығы 2612 сайлаушы тіркелген. Сала учаскесінің төрайымы анар Садвакасованың айтуынша, сағат 12:00 мәлімет бойынша 399 адам өз таңдауын жасап үлгерген, 6 адам үйде дауыс береді . Оның ішінде 48 адам бірінші рет сайлауға қатысып отыр. Оларға естелік сыйлықтар үлестірілуде. Таңертеннен бері дауыс беруге келгендердің ең жасы үлкені 74 жастағы зейнеткер Наурызбай Әшкеев.
«Жасым 74-те болса да еліміздің азаматы ретінде саяси науқаннан шет қалуды жөн көрмедім. Өйткені, осы сайлау арқылы мемлекетіміздің және өскелең ұрпағымыздың келешегін қалыптастыруға үлес қосамыз», – дейді зейнеткер.
Сонымен бірге, №730 сайлау учаскесінде де келушілердің қарасы көп. Бұл сайлау учаскесінде барлығы 2542 адам тіркелген. Оның 44 алғаш рет сайлауға қатысып отыр.