Бүгін (2022 жылғы 21 қараша) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 милион 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31 дауыс дауыс бергенін жариялады. Бұл әділ әрі халықтың шынайы ниетімен өткізілген сайлауда халқымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шын сеніп, адал көңілдерімен дауыс бергендіктерін айғақтайды.
Біз ежелден «басымыздың амандығы» мен «асымыздың адалдығын» тілеп келе жатқан халықпыз. Адалдық кеткен жерден әділдік кетеді. Әділдік жоқ болса, халықтың келер күніне, алдағы өміріне деген сенімсіздігі пайда болары анық.
Осы бір жайды біздің халқымыз өз басынан өткізе білген халық. Тәуелсіз ел болғанымызға шүкіршілік етумен өткізген кезеңдердің түрлі жағдаяттары болғаны да анық. Қазақстан халқы 2019 жылдың 19 наурызы күні сағат 19.00-де биліктің ауысуы кезеңі және одан кейінгі биылғы жылдың қаңтар оқиғасы біздің өмірге деген, мемлекетке деген көзқарасымызды түбегейлі өзгерткені анық.
Сол 2019 жылдың 19 наурызында Тәуелсіз Қазақстаның президенттік миссиясын қабылдап алған және сол жылдың 12 маусым күнгі президент сайлауында басымдықпен жеңіске ие болған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев міне, 2022 жылдың 20 қарашасы күнгі өткен сайлауда тағы да өз сайлаушыларының сенімін ие болып отыр! Сайлаушының сенімі-ел мен халықтың сенімі!
Бізге анық бір жай бар, Қасым-Жомарт Тоқаев ел перзиденттігін моральдық және психолгиялық жағынан аса күрделі жағдайда қабылдап алды. Халық Қазақстанды жайлап алған жемқорлық пен заңсыздықтан, әлеуметтік әділетсіздіктен қажып, қоғамның билікке деген наразылығы шегіне жетті деуге болар еді.
Ұзақ жылдардан бері маңғыстаулық мұнайшылардың бейбіт наразылықтарын пайдаланып, оны биылғы қаңтар айында Қазақстанның басты қалаларында, соның ішінде Алматы, Қызылорда, Таразда жаппай тәртіпсіздікке ұластырып жіберуге қасақана жол берілді. Бұл Тоқаев билігін басып алуға жасалған әдейі ұйымдастырылған қақтығыс болатын.
Қазақстанның өзге де қалаларында жағдай тұтанып кетуге таяу тұрды. Осы арада президентіміз елде төтенше жағдай жариялап, кез-келген қарулы топқа қарудың күшімен тойтарыс беріп отыруға батыл шешім қабылдады.
Ел мен халық тағдыры, Тәуелсіздік тағдыры сынға түскен сәтте, өз басына туған қатерге де қарамастан билік басындағы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз антына адалдық танытып, Қазақ елінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Қаңтар оқиғасымен сілкінген және үрейлі күндерді бастан кешірген Қазақстан халқы Тоқаев төңірегіне топтасқаны да анық.
Халық Тоқаевқа сенді және үміт артты. Халықтың басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа да Әділетті Қазақстан құрамыз деген саяси реформасына сеніп, соған үлкен үміт артып отырғаны да бар. Және де саяси реформаны биылғы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жайлы Қасм-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен бүкіхлхалықтық референдум өткізу арқылы бастауы тарихи шешім болғаны анық.
Ал ,енді Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу өте қажет болатын. Бұл конституциялық реформа Президент Тоқаевтың тікелей бастамасымен жасалды. Әсіресе, Конституцияда Президент өкілеттілігін шектеу, пропорцианалды және мажоритарлы аралас сайлау жүйесінің енгізілуі қазақстандық қоғамды демократияландыру, биліктің монополиясына жол бермеу жайы аса маңызды еді.
Сонымен бірге Парламентті қалыптастыру тәртібі мен функцияларын қайта жасақтау, мәслихаттардың рөлін күшейту,саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету сияқты мәселлер де біздің қоғам үшін өте маңызды болып саналады. Енді партиялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту,сайлау процесін жетілдіру,сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге кең жол ашылды.
Президентіміз азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдерінің рөлін арттыру және азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау сияқты көптеген саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттарына да ерекше мән беріп отырғаны мәлім.
Ерекше бір атап көрсететін жай сол, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту, яғни билікті монополияландыру мәселесін де батыл көтеріп жүр. Мұны Президенттің тікелей ұсынысмен Конституцияға көптеген өзгертулердің енгізілуі айғақ бола алады. Соған сәйкес бұдан былай Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысыболуына тыйым салынып отыр.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік өкілеттілігін атқару кезінде ешбір саяси партияға мүше болмайды. Бұл да әр партияға еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын қадам. Осы және өзге де саяси реформалар Қазақстанның алдағы уақытта демократиялық жолға шындап түсетіндігіне иландыра түсері бар.
Cайлау өтті! Ойдағымыз болды! Қазақстандық сайлаушылар дұрыс таңдау жасай келе Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы жеті жылғы кезеңге Президент етіп сайлап алды.
2022 жылғы 16 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесу кезінде: «Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды.
Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан, Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым», — деп Президенттікке жаңа әрі көңілшгге қонымды анықтама берген болатын.
Халықтың жалдамалы менеджері -Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен халық алдындағы зор жауапкершілікті айқын түсініп, анық белгілей отырып, Жаңа Қазақстанның кемесін дүние айдынының алаңына алып шықты. Сәттілік тілейміз! Біз әрдайым Президентпен біргеміз және ел алдында тұрған міндеттерді бірге жүзеге асыруға дайынбыз!
Жабал Ерғалиев.