Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экологиялық ахуал жақсартылмақ - АРҚА АЖАРЫ

Экологиялық ахуал жақсартылмақ

Биыл өңірде 17 миллион түптен астам ағаш көшеттері отырғызылды. Әуел баста 9 миллионға жуық түп егу  жоспарланған. Орман шаруашылығы қызметкерлері бұл орайдағы межеленген жоспарды асыра орындап, орман алқаптарын молайта түсуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров атап өткеніндей, облыста көгалдандыруға қатысты елеулі жұмыстар атқарылды. Ағаш көшеттерін сапалы және уақтылы отырғызу үшін қажетті инфрақұрылым, материал мен тұқымдар толық  қамтамасыз етіледі.

–2021 және 2022 жылдары жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуын ескере отырып, 2023 жылы 1950 гектар алаңда 11,5 миллион дана ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2022 жылы орман шаруашылығы мекемелері 12 тонна қатты ағаш тұқымын, 76 тонна қарағай бүршігін жинауды және дайындауды жүзеге асырды. Көктемде 10 гектардан астам жерге 2 тоннадан астам тұқым себілді, оның ішінде 11 миллион көшет өсірілді, оның 6 миллион данасы күзде отырғызылды. Күзде 37 гектар алқапқа 11 тоннадан астам тұқым себілді, ағаш отырғызу материалының тапшылығына байланысты жалпы сомасы 60 миллион теңгеге 1 785 мың қарағай көшеті сатып алынды, – деді Руслан Әубәкіров.

Орман шаруашылығын дамыту үшін Зеренді және Атбасар аудандарында 2 жаңа тұрақты орман тәлімбағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. «Бұқпа» орман шаруашылығында тәлімбақ салу үшін 2023 жылы бюджет қаражатын бөлу үшін өтінім жолданды.

Өзендер мен су айдындарын тазалауға және абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, облыс орталығындағы Қылшақты өзенінің ластануы бірнеше жылдардан бері айтылып келе жатқан өзекті мәселе. Руслан Әубәкіровтің айтуынша, 2023 жылы  М.Ғабдуллин көшесінен Т.Сүлейменов көшесіне дейінгі төртінші учаскеде тазарту жұмыстары жүргізіледі, аталған учаскенің жалпы ұзындығы 1 километрді құрайды. Ол үшін 695 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінді. Қопа көлі мен Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын тазарту жоспарланған.

–Щучье және Бурабай көлдерін тазартудың нақты көлемі туралы қорытындымен ғылыми-техникалық зерттеу жүргізілді, ол жобаны іске асыру бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберілді. Қазіргі уақытта көлді тазартудың техникалық-экономикалық негіздемесін түзету аяқталды. Қопа-Көкшетау қаласындағы тұнба шөгінділеріне толы көл. Барлық келісімдер аяқталғаннан және экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылады, – деп түсіндірді Руслан Әубәкіров.

Тағы бір өзекті мәселе – тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу. Көкшетауда жаңа қоқыс полигонын салу мәселесі қаншама жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Руслан Әубәкіров атап өткеніндей, басқарма қазір жаңа Экологиялық кодекстің барлық талаптарына жауап беретін полигон салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Полигон Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округі аумағында орналастырылмақ. Қазіргі уақытта Щучинск қаласында жаңа қоқыс полигонын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар