Зеренді аудандық мәдениет үйінде «Балауса балғын таланттар!» атты Балалар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының гала концерті өтті.
Ақмола облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда ауданда 37 ауылдық клуб жұмыс істейді, барлығы мемлекеттік. Оларда 228 клубтық құрылым жұмыс істейді, қатысушылар саны 2036 адам. Оның 5-і «Халықтық» атағына ие: «Шежіре» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Зерен» халықтық би ұжымы, «Арқа әуені» халықтық фольклорлық ансамблі, «Ақ дариға» халықтық фольклорлық ансамблі, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі.
2022 жылы “Ақмола жұлдыздары” халық шығармашылығы байқауына 20 ауылдық округтен 1020 адам қатысты.
Байқауды дайындау мен өткізуге жергілікті бюджеттен 10 915 350 теңге бөлінді. Бұл қаражатқа музыкалық аппаратура сатып алынды, «Арқа әуені» халықтық фольклорлық ансамбліне сахналық костюм тігілді.
Зеренді ауданында «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының аудандық байқауына Зеренді ауылының Музыка мектебі, Зеренді ауылының балалар шығармашылық үйі және Ақадыр, Өркен, Викторовка, Симферополь, Қонысбай, Ақкөл, Чаглинка, Бірлестік, Қызылегіс, Ортағаш, Ермаковка, М. Ғабдуллина, Кеңеткөл, Ортақ, Қызылтан, Ақан, Серафимовка, Қанай би, Игілік, Өзен, Айдарлы, Приречный ауылдық клубтары белсенді қатысты.
Гала-концертте 22 шығармашылық ұжым «Арқа әуені» халықтық фольклорлық ансамблі, «Нәзік» вокалдық тобы, «Гармония» ансамблі, «Жастар» триосы, «Шабыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Нұрай», «Нұрби» би ансамбльдері, «Вдохновение» вокалдық тобы, «Жалын» вокалдық инструменталдық ансамблі, «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамблі, «Арнау» трио, «Жас қыран» вокалдық триосы, «Сарыарқа» домбырашылар ансамблі, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, «Айдар» баян ансамблі сыңды өнер ұжымдары өз шеберліктерін көрсетті. Көркемөнерпаздар хореографиялық, вокалдық, вокалды-аспаптық жанр, жеке орындау, халық аспаптық жанрларда өнер көрсетеді.
Гала-концертке барлығы 283 адам қатысты.
«Ақмола жұлдыздары -2022» жаңа есімдерді ашты. Бұл Ерасыл Шалабай, София Флейшгауэр, Аружан Тәжиева, Алиса Бижанова. Байқаудың дебютанттары «Арнау» триосы, «Нәзік» вокалдық тобы, «Сарыарқа» добырашылар ансамблі болды.
Халықтық және сәндік-қолданбалы шығармашылықтың 39 шебері өздерінің таңғажайып таланттары мен шеберліктерін көрсетті. Көрмеде моншақтардан, майдан, сүйектен, киізден және жүннен жасалған, суық эмаль, кілем тоқу, папье-маше, гравира және киіз басу техникаларында орындалған 127 жұмыс көрсетілді.
Көрермендер үшін ерекше қызығушылық тудырған келесі авторлардың жұмыстары көрсетіледі: Заира Тупанова, Нұрай Қыдырбек, Айша Жетпіс, Назира Әубәкірова, Виктория Житниковская, Елизавета Салабаева, Наргиза Кенжина, Нұрсұлу Сейілбек, Нұргүл Жүсіпова, Жұлдызай Ерғалиева, Ербол Ержігіт, Владимир Максимишин, Вероника Николаева, Милан Иващенко.