Өткен демалыс күндері 2022 жылғы 25-26 қарашада Көкшетау қаласында балалар, ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер, сондай-ақ ересектер арасында киокушинкай-кан каратэден Ақмола облысының ашық чемпионаты мен біріншілігі өтті.
Іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар арасында спорттық-сауықтыру жұмысын жақсарту, өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы белсенді ұстанымын қалыптастыру.
Чемпион атағы үшін Ақмола облысының өңірлерінен, сондай-ақ Астана қ., Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарынан спортшылар бақ сынасты.
Жарыс “Ката” және “Кумите” екі тәсіл бойынша өткізілді. Чемпионатқа 33 салмақ дәрежесінде 250 спортшы қатысты. Спарингтер тартысты өтті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.