Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірде спортшылар саны едәуір көбейіп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Өңірде спортшылар саны едәуір көбейіп отыр

Ақмола облысында жастардың жалпы санының 79 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Оның ішінде өңірдің спорт мекемелерінде 57 спорт түрі бойынша ұйымдастырылған секцияларға 18 мыңнан астам адам келеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін спорттың қолжетімділігіне көп көңіл бөлінуде. Мысалы, облыс орталығында дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді, онда бүгінгі күні 255 адам шынығады. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша облысымызда дене мүмкіндіктері шектеулі 1706 адам бар, оның 500-ден астамы жастар.

Спортты дамытудың басым бағыттарының бірі инфрақұрылымды жаңғырту және жаңарту болып табылады. Осы ретте 10 ауданда 42 спорт алаңы ашылды.

–«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жақсы ауданының Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру және мәдениет кешенінің, сондай-ақ, Бурабай кентінде спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Спорт ғимараттарының қолжетімділігі тұрғысынан спорт мектептерінде үйретілетін спорт түрлері бойынша ашылған секцияларда сабақтар бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады, – деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев осы салаға қатысты өткізілген брифингте.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар