Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Цербер коронавирусының жаңа штаммы анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Цербер коронавирусының жаңа штаммы анықталды

 — Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, алайда өңірде «Цербер» коронавирусының жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша соңғы рет ПТР-тестілеудің 40-қа жуық оң сынамасы зерттелді, оның ішінде бір сынамада Қазақстан аумағында анықталған BQ.1.1 «Омикрон» штаммының бір түрі «Цербер» штаммы расталды», — деді Айнагүл Мусина.

Осы ретте, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ақмолалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды және ондай жерлерде қорғаныс шарасы ретінде бетперде киюді еске салады.

Айта кетсек, Ақмолада 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID жұқтыру өскен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар