— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.
Дереккөз: www.inform.kz