Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөнінен облыстық басқармалар мен ведомстволар басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шарада инфрақұрылым саласына ерекше назар аударылды.

–Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі міндеті – халықпен тікелей жұмыс жасау болып табылады. Жылыту маусымының басталуы қиындықтарды да көрсетті. Бурабай, Атбасар аудандарында температуралық режимнің бұзылуы тіркелді. Степногорск қаласында 50 пайыздан астам жылу көздері мен жылу желілері тозған. Барлық қабылданған шараларға қарамастан, өз шешімін талап ететін мәселелер бар, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша облыстың барлық елді мекендерін халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін қажетті тіршілік көздерімен қамтамасыз етудің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының Жол карталары жасалды. Жергілікті карталарда әр аудан бойынша барлық тәуекелдер ескерілген.

Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және жалпы саланы әртараптандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, нақты орындау мерзімдері бар тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау объектілері бойынша құрылыс индикаторларын әзірлеу қажет. Әлеуметтік саланың басым мәселелері де белгіленді.

–Алдағы бірнеше жылда оқушы орындарының тапшылығы мен мектептердің үш ауысымдық мәселесін толығымен шешу, ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды барынша арттыру, сол арқылы әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіштерін жақсарту және дәрігерлік кадрлардың тапшылығын азайту, әрбір елді мекенде спорт және мәдениет объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті облыс әкімі.

Кеңес қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев жауапты орындарға тиісті бағыттар бойынша Президенттің сайлауалды бағдарламасының тармақтарын мұқият талдап, іске асыру жолдарын нақтылай түсуді тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар