Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Би өнерінің биігі – Гүлмира» - АРҚА АЖАРЫ

«Би өнерінің биігі – Гүлмира»

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің «Өңіріміздің өнер майталмандары» атты жобасы бар. Осы жоба аясында өткен «Барыңды бағала» кездесуі осы тақырыптың жалғасы болып табылады.

Жоба қазан айында шымылдығын ашып, бірінші кешәнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенқызына арналған болатын. Одан кейін қолөнер шеберлері, өңіріміздің қол өнерін талай жерге паш етіп жүрген,көптеген байқаулардың жүлдегерлеріҮкіжан Ементаева, Кенжебай Смағұлқызы, Гүлбара Нұрқановаларға арналды.

Би өнерінің шоқ жұлдыздары дегенде биылғы жылы 100 жылдығы тойланып жатқан қазақ ұлттық биінің ханшайымы Шара Жиенқұлова, әлем жұртын тәнті еткен Шұғыла Сапарғалиқызы сынды өнерпаздар еске оралады. Қазақта әнші көп, күйші де жетерлік, бірақ, ұлттың мәдениетін, өткен тарихын бейнелейтін, халқымыздың табиғатымен үндесетін, рухын тербейтін билері арқылы елімізге танылған бишілер көп емес.

Дегенмен, бүгінде бұл өнер де дамып, жетіліп келеді.Мемлекеттік «Гәкку»би ансамблі өңірімізде халықтық-сахналық бидің даму жолына зор үлес қосқан өнер ұжымы. Осы ұжымның шығармашылығының арқасында халық биі жаңа белеске көтеріліп, рухани байлығымыз артып келеді. «Гәкку» – халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен оралып, өңірімізді көп жерге танытып жүр.

Балалармен жұмыс жасау дегеніміз –сағат сайын зор еңбекті, ізденісті қажет ететін ауыр соқпақ. Себебі, өнер жолына түскен ұл-қыздың жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру керек. Осы жолда бар білігін, білімін аянбай еңбек етіп жүрген Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының балетмейстері, біз айтып отырған филармонияға қарасты «Гәкку» би ансамблінің әрі «Аманат» би студиясының жетекшісі, өнер ғылымдарының магистрі, Мәдениет саласының үздігі Гүлмира Мерғалиқызы Ордабаеваны ерекше ауызға алсақ артық емес. Осы «Би өнерінің биігі – Гүлмира»атты кешіміздің кейіпкерінің сахнада бұрала билеген әдемі костюмдегі шәкірттерін көріп, көзіміз қуанады, көңіліміз толады. Сондайда бір әттеген-айы, мұның артындағы осы әдемілікті үйлестіруге еңбегі сіңген, тер төккен адамды ұмытып жатамыз.

«Тынымсыз ізденіс – түбегейлінәтиже»демекші, іс-шарада сол тынымсыз еңбектің нәтижесін көрсетіп, қонағымызды сан қырынан ашып, көрерменге жете таныстыра түстік. Гүлмира би қоюмен қатар, балетмейстер қоюшы-режиссер ретінде филармонияның шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп, біршама қызықты жобалар жасаған. Олар «Жұмбақтас» бір актілі балеті, Рахманиновтың «Алеко» операсы, симфониялық оркестрмен бірлесіп әзірлеген Григтің «ПерГюнт» сюитасы, қазақ халық аспаптар оркестрімен дайындаған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, «Айнакөл» фольклорлық ансамблімен өмірге әкелген әлем халықтарының билері және тағы басқалары. Осы тынымсыз еңбегі арқылы тың биіктерден көрініп, жүлделі орындарды иеленген Гүлмира Мерғалиқызы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Биөнері жеткіншектің эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырады, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни, ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты өнерпазға айналары сөзсіз.

Ұлттықби өнерін құрметтеуде, қазақ билерін жаңғыртып, барынша дәріптеуде бір төбе жұмыс атқарып, би өнеріне тән сұлулық пен бекзаттықты жоғалтпай, ұлтымыздың өнерін насихаттап жүрген Гүлмира Мерғалиқызының әлі талай ғажайып тың туындыларымен халықты қуантарына сеніміміз мол.

Арманы асқақ, мақсаты биік адам ғана құстай самғайды. Биікке самғай бер, қанатың талмасындеп тілек білдірдік әсерлі кездесуде кейіпкерімізге. Кеш соңында әдеттегідей қатысушылар өрелі өнер иесімен естелік суретке түсті.

Бостангүл ЕРМАНОВА,
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми
кітапханасының «Өнер әдебиеттері» бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар