Тәуелсіздік күні аясында облыста елдің ынтымағын ұйытып, бірлігін бекемдеуге арналған мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Көкшетау қаласында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың, желтоқсан оқиғасына қатысушылардың, ардагерлер мен жастардың қатысуымен Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күн ел тарихындағы ешқашан ұмытылмайтын күндердің бірі. Азаттық үшін, теңдік үшін жалындаған жас ғұмырын қиған ерлердің есімдері ешқашан ұмыт болмайды. Олардың бойындағы елге, жерге деген махаббаты кейінгі ұрпақ үшін өміршең өнеге.
Тәуелсіздік күні тағылымға толы болуға тиіс. Бұл күні өңірде барлығы бір мыңға жуық іс-шара өткізілді. Аудандар мен қалаларда ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық көрмелер, танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.
Бір арнада тоғысқан ел тілегі бейбіт аспанның көкжиегін кеңейтіп, берекені арттыруға саяды.
Б.ҚАЙЫРЛИН.