Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көтерген мәселелер ескерусіз қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Көтерген мәселелер ескерусіз қалмайды

Жуырда «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады. Осы маңызды іс-шараға облыс прокуроры да қатысты.

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевқа жеке қабылдауға 5 азамат келіп, жеке сот орындаушысының іс-әрекеттері, еңбек қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында облыс прокуроры бұл азаматтарды тыңдап, екі өтініш бойынша ауызша түсініктеме берді. Үш өтініш бақылауға алынды, олар бойынша облыс прокуроры Көкшетау қаласының прокурорына азаматтардың дәлелдерін тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Азаматтар әлі де болса, өз өтініштерін облыс прокурорына қолма-қол, «Қазпошта» АҚ байланыс бөлімшелері, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы жібере алатыны туралы ескертеміз.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар