Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Көкшетауда болды - АРҚА АЖАРЫ

Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Көкшетауда болды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Дамир Қадыров «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыс орталығы тұрғындарымен кездесу өткізді. Вице-министрмен бірге кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты.

Дамир Рамазанұлы аудиториямен қарым-қатынасқа сұрақ-жауапформатын ұсынды. Алдымен ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметі туралы қысқаша хабардар етті, содан кейін тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере бастады. Залдағы қатысушылар көп күттірмеді, вице-министр үшін әртүрлі және күтпеген сұрақтар қойылды.

Мәселелердің ауқымы кең болды. Қазақстан Республикасы Президентінің реформаларын іске асыру, білім беру, жастарды жұмысқа орналастыру және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу, жаңа сын-тегеуріндер жағдайында БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру, мемлекеттік тілді дамыту, еріктілерді қолдау, медиация кеңестерінің қызметін қаржыландыру және тағы басқа мәселелер қамтылды. Мәселелердің сипаты бойынша әкелінген автокөлікті заңдастыру, медициналық қызмет көрсету, жеке кәсіпкерлікті дамыту, зейнеткерлікке шығушылардың «Еңбек ардагері» медалін алуы сияқты басқа  да сұрақтар қойылды.

Кейбір сұрақтар Вице-министрдің құзыретіне кірмегенімен, оған да жауап беруге тырысты, ал басқаларын тиісті министрліктерге беруге уәде берді.

Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Тараптар елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қызметі, мемлекеттік ақпараттық және жастар саясатын іске асыру туралы ашық әңгімелесті.

Сол күні Дамир Қадыров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық келісім орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар