Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламент Сенатының депутаттығына 66 кандидат тіркелді - АРҚА АЖАРЫ

Парламент Сенатының депутаттығына 66 кандидат тіркелді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді.

Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 46 ер адам, 20 әйел адам бар. Оның ішінде төртеуі Парламент Сенатының қазіргі депутаты, 15-і мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 29-ы мемлекеттік қызметші, 13-і коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5-і қоғамдық ұйымдардың өкілі.

Мамандық бойынша: 3 дәрігер, 7 инженер, 8 заңгер, 1 саясаттанушы, 1 журналист, 14 мұғалім, 9 экономист, 10 ауыл шаруашылығы қызметкері және 13 басқа мамандық өкілдері.

Үміткерлердің орташа жасы — 51,8 жас.

Тіркелген кандидаттардың ең көп саны Жамбыл облысы мен Алматыда: әрқайсысы 5 үміткерден.

Абай ауданы мен Түркістан облысында 4 үміткер тіркелген. Қалған 15 облыс пен Шымкент қаласында 3 үміткер тіркелген.

Осылайша, тіркелгендердің ішінен бір мандатқа орта есеппен Парламент Сенаты депутаттығына 3 кандидат үміткер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар