Құрметті ақмолалықтар!
Келе жатқан 2023 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Өткен жылбіздер үшін ел тарихында елеулі өзгерістерге, айтулы оқиғаларға толы болды. Қазақ елі дамудың жаңа кезеңіне бет бұрды. Жалпыұлттық референдумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру бағытындағы ұстанымдарына жан-жақты қолдау білдірілді. Қараша айында өткен сайлауда қазақстандықтар қазіргі ел Президентіне сенім білдіріп, қолдау көрсетті. Енді алда жаңа Қазақстан тұжырымдамасын іске асыру сіздер мен біздердің ортақ мүддеге жұмылған жұмысымызға байланысты болмақ.
Биылғы жылды ақмолалықтар жақсы көрсеткіштермен аяқтайды. Соңғы екі жыл ішінде біз республика өңірлері арасында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көшбасшылар қатарынан көріндік. Өнеркәсіптің металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия сияқты салалары қарқынды даму ырғағында.
Жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде біз облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында жыл сайын кемінде жарты миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп келеміз.
Өңірдің жол желісі де жақсара түсуде. Тек осы жылы біз 1 мың шақырымға жуық жол салып, жөндеуден өткіздік.
Егін жинау науқаны сәтті өтті. Шаруалардың еңбегінің арқасында біз рекордтық өнім– шамамен 5,5 миллион тонна астық жинадық.Осы жетістіктердің барлығы–біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Алда зор жұмысты қажет ететін іргелі міндеттер тұр. Жайлы өмір сүру ортасын дамытуға бағытталған көптеген жобалар басталды, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына ерекше назар аудару қажет. Алға қойған мақсаттарға жету үшін бізде қажеттінің бәрі бар екеніне сенімдімін.
Ол ең алдымен, өз Отанының патриоттары, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың арқасында жүзеге асады.Аймақтың жетістіктері–бұл әр қызметкердің, әр еңбек ұжымының, әр түрлі мамандық иелері мен аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен еңбегі.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!
Облыс игілігі үшін адал және нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын!Жаңа жыл әр үйге бақыт пен амандық әкелсін! Әрқайсыңызға денсаулық, бейбітшілік және жақсылық тілеймін!
Жаңа жылымыз құтты болсын!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Ақмола облысы депутаттық корпусының атынан Сіздерді жарқын мерекелердің бірі – Жаңа 2023 жылдың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл Қазақстан үшін оңай болған жоқ, аталған кезеңде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға алып келген қайғылы және оқыс оқиғалар орын алды. Республикалық референдум барысында еліміздің Басты Заңы – Конституцияға өзгерістер енгізілді, Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті, онда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы лауазымға халықтың еркі бойынша қайта сайланды. Келесі жылы Сенатқа, Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтеді, ол Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елдегі саяси трансформацияның аяқталуын көрсетеді.
Барлық күрделі кезеңдерге, соның ішінде көрші мемлекеттердегі геосаяси жағдайдың әсеріне қарамастан, біз көптеген қиындықтарды жеңе алдық және болашаққа оптимистік көзқараспен қараймыз.
Ақмола облысы ағымдағы жылы қойылған міндеттерді барынша тиімді орындай отырып, барлық салалар бойынша тұрақты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге жетті. Бұл өңірдің әрбір тұрғынының, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің ортақ еңбегі.
Осы мереке күндері аясында мен барлық ақмолалықтарға, әсіресе, мамандығы мен қызметтік борышы бойынша жұмыс орнында болуға мәжбүр болғандарға күнделікті қажырлы еңбектері мен өңірдің дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін алғысымды білдіргім келеді.
Сіздерге, қымбатты жерлестер, зор денсаулық, жігерлі рух, сарқылмас оптимизм, отбасылық амандық, еңбекте зор табыс тілеймін. Жаңа жыл жаңа үміт сыйласын, Ақмола облысының әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартсын!
Мұрат ШӘМШІНҰРОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы.