Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылыс қарқыны жоғары - АРҚА АЖАРЫ

Құрылыс қарқыны жоғары

Соңғы жылдары Ақмола облысындағы құрылыс саласы өңір экономикасындағы жетекші әрі дамыған салалардың біріне айналды. Өңірімізде жыл сайын  жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар, тұрғын үйлер көптеп салынуда. Осыған орай, облыс келбеті жаңарып, жайнап көркеюде. Мәселен, облыс орталығы Көкшетау қаласында мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады.

Ақмола облысында республиканың көршілес өңірлерімен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беруде ілгерілеу бар. Мәселен, егер Ақмола облысы 2021 жылы 596 мың шаршы метр тұрғын үйді (халық саны 736 мың адам) пайдалануға берген болса, Қостанай облысында 448 мың шаршы метр (халық саны 865 мың адам), Павлодар облысында – 370 мың шаршы метр (халық саны 751,0 мың адам), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша345 мың шаршы метр (халық саны 544 мың адам) пайдалануға берілген. Ал, өткен жылғы яғни, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 620 мың шаршы метр тұрғын үйді  іске қосу жоспарланған.

Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жыл сайын жер учаскелеріне инженерлік желілерді жүргізуге бюджет қаражаты бөлінеді. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018-2021 жылдар кезеңінде Ақмола облысында Атбасар, Аршалы, Ақкөл, Шортанды аудандарында, Степногорск қаласында 2132 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз етті.  Ағымдағы 2022 жылы Бурабай ауданында тағы 938 жер учаскесі су құбыры желілерімен қамтамасыз етілді. Облыста барлығы инженерлік желілер 3070 жер учаскесіне тартылды.

Тұрғын үй құрылысы жобалары тұрғын үй алуға кезекте тұрғындардың санын ғана емес, жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың санын да қысқартуға мүмкіндік береді. Елді мекендерді қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және сәулет-қала құрылысы қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Ақмола облысының елді мекендерінің қолда бар бас жоспарларын түзету және әзірлеу бойынша ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады.

Мәселен, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыстың 605 елді мекенінің 492-сі бас жоспармен қамтамасыз етілген, бұл 81 пайызды құрайды. 2006 жылдан бастап әзірленгенжаңа бас жоспарлар 176 елді мекенде бар. Облыстық маңызы бар барлық қалалар (Көкшетау, Степногорск және Қосшы), 17 аудан орталығы, сондай-ақ, халқы 5 мың адамнан асатын елді мекендер жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.       2022 жылы Ақмола облысы бойынша келесі елді мекендер бойынша даму және құрылыс сұлбалары бекітілді: Ақбұлақ, Аршалы-Түрген, Петровка, Астрахан-Новочеркасское, Вознесенка, Тоқтамыс, Бұланды Жаңаталап, Ерейментау Есеншілі, Жарқайың Үшқарасу, Елікті, Заречное, Зеренді-Ивановка, Гуляй дала, Мықтыкөл, Шортанды-Конкрынка, Егемен, Қаражар. Барлық әзірленген жобалар бекіту алдында Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында қаралып, келісілді. Қазіргі уақытта басқарма Бұланды ауданының Журавлевка және Атбасар аудандарының Полтавка ауылдарын дамыту және салу сұлбаларын келісуде.

Облыстың елді мекендерін қала құрылысы жобаларымен одан әрі қамтамасыз ету Ақмола облысы әкімінің орынбасары бекіткен 2025 жылға дейінгі жаңа бас жоспарларды, даму және құрылыс салу сұлбаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу Жол картасына сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, 2022 жылы облыс бойынша облыстық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 18 елді мекен бойынша қала құрылысы жобалары әзірленді.  ​​

Өткен жылы 26 жобаның құрылысы қолға алынды ​​олардың 15-сі білім ордалары. Бүгінгі таңда Қосшы қаласында 1200 орындық мектепті пайдалануға беру қамтамасыз етілді. Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында 300 орындық мектепті пайдалануға беру, Жарқайың ауданы Пятигорск ауылында шатырды қайта жаңарту жоспарланды. Бұдан басқа, Жалтыркөл ауылында 300 орындық, Жаңажол ауылында 80 орындық, Целиноград ауданының Шұбар ауылында 300 орындық, Біржан сал ауданы Бұланды ауылында 80 орындық, Сандықтау ауданының Петровка ауылында 80 орындық, Степногорск қаласының Бестөбе ауылында 300 орындық және тағы басқа орта білім беретін білім мекемелерінің құрылысы жүргізілген. ​​Өткен жылы жалпы құны 8,2 миллиард теңгені құрайтын 6 балабақша, олардың үшеуі Көкшетау қаласында болса, Целиноград ауданында 3 балабақшаның құрылысы жүргізілді. Бұл мақсатқа  3,2 миллиард теңге бөлініп, игерілді.

​​    Өңірімізде денсаулық сақтау саласына маңызды әрі қажетті нысандар бой көтеруде. ​​Ағымдағы жылы 3 жобаның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылы Қосшы қаласында ауысымына 100 келушіге арналған емхана құрылысы жобасын іске асыру аяқталды. Новосельское ауылындағы фельдшерлік акушерлік пунктпен Қоянды ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының да құрылысы жүрзілілуде. ​​ Спорт саласында да соны үдерістер бар. ​​Ағымдағы жылы жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында көпфункционалды спорт сарайының құрылысы қолға алынды. Нысанды пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған. Міне, облыстың құрылыс саласына жүргізілген қысқаша шолудың өзі ғана бұл орайда, 2022 жылдың жемісті болғанын көрсетеді. Демек, биылғы 2023 жылдан да біз осындай жақсы істерді күтеріміз анық.

Марат ӘУБӘКІРОВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар