– Ақмола полицейлері 424 көліктен тұратын колоннаны Щучинскіден Астанаға дейін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
8 қаңтарға қараған түні күн райының қолайсыздығына байланысты 424 автокөліктен, оның ішінде 382 жеңіл және 42 жүк көлігінен тұратын колонна Щучинск қаласынан Астанаға дейін жеткізілді. Көліктер тізбегін жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов басқарды.
Жалпы, екі күннің ішінде Ақмола полицейлері 988 көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Айта кетсек, 7 қаңтарда сағат 15:00 шамасында Астана-Петропавл автожолының 265-шақырымында патрульдік полиция батальоны «Тұлпар 10» экипажының мүшелері Руслан Қасқұлақов пен Жақсылық Байдулин DAF маркалы автокөлігін көреді. Петропавл қаласына бара жатқан елорда тұрғыны рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. Автожолдың осы учаскесіне мониторинг жүргізген тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан «Урал» маркалы автокөлік жүргізушісінің көмегіне жүгінген.
Видеодан алынған кадр