Ақмола облысында қыздар арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Егіндікөл ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Андрей Яськовты еске алуға арналған волейболдан 30-шы дәстүрлі турнир болып өтті. Биылғы турнир 2006 жылы туған және одан кіші қыздар арасында ұйымдастырылған-ды. Екі күндік жарыс барысында командалар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жергілікті волейболшылар – Егіндікөл БЖСМ командасы бірінші, Астрахан БЖСМ спортшыларыекінші, Шортанды ауданы Жолымбет кентінің қыздары үшінші орынды жеңіп алды. Жеңіске деген жігері үшін жүлдесі №1 ЖББМ командасына бұйырды.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.
Суретте: спорттықіс-шараданкөріністер.