Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заңды қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заңды қабылдады

– ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданды, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Отырыста «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы екі оқылымда қаралды.

11 қаңтар күні Мәжілістің жалпы отырысында аталмыш заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелген болатын.

Осылайша Мәжілістен Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы комиссия құрамына кірді.

Ал 12 қаңтарда Сенат депутаттары бірлескен комиссияның мүшелерін сайлады.

Нәтижесінде аталған комиссияның құрамына сенаторлар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов және Дүйсенғазы Мусин енді.

Былтыр жыл аяғында Мәжіліс төрағасы Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтқан еді.

«Сол заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жояды. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар бірдей қолданылады. Егер заң күшін жоса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», – деді Мәжіліс спикері.

2022 жылдың басында Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынған.

Былтырғы 2 ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдады.

Ал кеше, 12 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар