Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтарға икемді жұмыс кестесімен еңбек ету мүмкіндігі берілмек - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандықтарға икемді жұмыс кестесімен еңбек ету мүмкіндігі берілмек

– ҚР Еңбек кодексіне «Жылжымалы жұмыс кестесі» туралы жеке бап енгізу ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламенттің төменгі палатасының талқылауына берілген құжатта ҚР Еңбек кодексіне өзгермелі жұмыс кестесі туралы жеке бап енгізу ұсынылған.

«Жұмыс беруші жұмыс тәртібінің ережелерінде жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, жұмыс кестесінің күн сайынғы ұзақтығының 11 сағаттан аспайтын шектеулерін сақтай отырып, жұмыс кестесінің ұзақтығы әртүрлі аптаның әртүрлі күндеріндегі жұмыстың жылжымалы кестесін белгілеуге құқылы. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін орташа белгіленген, бірақ тоқсаннан аспайтын жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуға тиіс кезең – жылжымалы жұмыс кестесі кезіндегі есептік кезең деп танылады», — делінген жаңа бапта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, икемді жұмыс кестесімен қызмет етудің талаптары мен қағидасы еңбек шартын жасау кезінде бекітіледі.

«Бүгінгі таңда іс жүзінде жылжымалы жұмыс кестесі барлық жерде қолданылады және ұсынылған түзету осы жұмысты заңнамалық реттеуге бағытталған», — делінген енгізілгелі отырған бапқа берілген министрлік түсіндірмесінде.

Айта кетейік, сонымен қатар ҚР Еңбек кодексіне онлайн жұмыс істейтіндердің қызметін реттейтін жеке бап енгізілмек.

Сырқаты бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеген қызметкерге төленетін жәрдемақы көлемін де ұлғайту көзделіп отыр.

Сондай-ақ 4 күндік жұмыс аптасына көшу туралы заң жобасы да Мәжіліс қарауына ұсынылып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар