Ақмола облысында ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап 31 қаңтарына дейін жалғасатын дәстүрлі «Шаңғы шақырады» қысқы фестивалі басталды.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, шаңғы спортын дамытуға бағытталған.
Алғашқылардың бірі болып шаңғы жарысын Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогика колледжінің оқытушылары мен студенттері қолдады. Жарыс «Бұқпа» шаңғы базасында өтті.
Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Д. Т. Галимова мұндай спорттық іс-шаралардың жастар үшін маңыздылығын атап өтті, өйткені қысқы спорт түрлері денсаулыққа пайдалы әсер етеді, дененің төзімділігін арттырады және жалпы жағдайды жақсартады. Фестиваль көңілді және қызықты өтті.
Айта кетейік, оқушылардың, студенттердің, оқытушылардың қатысуымен облыстың мектептерінде, колледждерінде жаппай шаңғы жарысы өтеді. Әр қатысушы үшін қашықтықтың ұзындығы жас тобына байланысты анықталады.