Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Интернеттегі алаяқтық қылмыстың жаңа қауіпті түріне айналды - АРҚА АЖАРЫ

Интернеттегі алаяқтық қылмыстың жаңа қауіпті түріне айналды

Инновациялық технологиялар қарқынды дамыған бүгінгі таңда сандық қызметтер көрсетудегі киберқылмыс қаупінің көбейгені ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың ішінде азаматтардың шоттарынан алаяқтық пен ақша ұрлаумен байланысты болып келетін қылмыстар басым.

Бес жыл ішінде осы қылмыстардың саны 10 есе өсті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов баяндады.

Қылмыстың бұл түрі экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор зиян келтіреді. Олар жалпы халықтың мүддесіне зиян келтіріп, трансшекаралық сипатта бүлік тудырады. Киберқылмысты жасау тәсілдері алуан түрлі. Қылмыскерлер алдын ала төлем түрінде ақша алуға немесе онлайн-қарыздарды ресімдеуге, банк шоттарына, электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға және тағы да басқа да қызметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың дербес деректерін иемденуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланады.

Сондай-ақ, ең танымал фишингтік интернет-ресурстар, қоңырау шалушының нөмірін ауыстыруға, соның ішінде қоңырау шалушының дауысын өзгертуге мүмкіндік беретін хакерлік бағдарламалар мен жаңа қылмыстық сызбалар ойлап табылуда.

–2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс төңірегінде тәртіп сақшылары 764 интернет алаяқтығын тіркеді, оның 150-і аяқталды.  Өткен жылдың 26-28 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында «anti-fraud» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, нәтижесінде 13 қылмыс анықталды. Сондай-ақ, 1-5 тамыз аралығында Ақмола аумағында «Интернет-алаяқтық және алдын алу» шарасы өткізілді, оның нәтижелері бойынша 8 қылмыс ашылды, – деді Ермек Манатов брифингте.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы жылдың басынан бері «ОЛХ», «Крыша», «Колеса» платформасында жалған хабарландырулардың 178 сілтемесін анықтап, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы бұғатталды. Сондай-ақ, құқыққа қайшы контент белгілеу мақсатында әлеуметтік желілердің мониторингі бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері барлығы 877 сілтеме анықталды, оның 348-і бұғатталды, қалғандары зерттеу сатысында.

–Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен банк карталарын ұстаушы клиенттерге кибер алаяқтықтың кең таралған әдістері туралы СМС-хабарламалар мен «Push-хабарламалар» тарату туралы келісімге қол жеткізілді. Әр банкте Сенім телефондары мен Call-орталықтар құрылды. Депозиттік шоттарды және банк клиенттерінің құпия мәліметтерін қорғау жүйесі күшейтілді. Кибер алаяқтықтың кең таралған әдістері және одан сақтану шаралары туралы хабардар болу үшін «Beeline», «Kcell», «Tele2/ALTEL» ұялы байланыс операторларының облыстық филиалдарына азаматтардың мобильді құрылғыларына және абоненттік нөмірлеріне SMS-хабарламалар жіберу туралы ұсыныспен шықтық. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында интернет-алаяқтық фактілерін тіркеу фактілері төмендеді, – деп түйіндеді өз сөзін киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар