Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкін осы жеткіншек теннис олимпін бағындырар - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкін осы жеткіншек теннис олимпін бағындырар

Киелі Көкшенің атақ-даңқын әлемге паш етіп жүрген жас жеткіншектердің жеңісті де жемісті табысын естігенде көңіліңді қуаныш билейтіні бар. Альбина Кәкенова үлкен теннистен болашағынан үміт күттіретін спортшы.

Кейде төрткүл дүниені тамсандырып жатқан жаңалықтан да дер шағында құлағдар бола алмай қалатының бар. Бұл жолы қаршадай қыздың көк теңіздің арғы жағындағы қол жеткізген толайым табысы туралы көкшетаулықтарға есімі жақсы таныс, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының үздігі Серік Кәкеновтен естіп, разы болғанымыз бар.

–Үлкен немерем Альбина Тайландта өткізілген үлкен теннистен 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азияның бірінші ракеткасы атанды. 2722 ұпай иеленді. Осы жолғы тартысты жарыста, әлемнің әр қиырынан келген кіл жүйріктің арасынан қазақстандық жасөспірімдер командалық жеңісте бірінші орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті, – деді Серік Қабдөшұлы, – біз немереміздің осы табысына қуанып, мерейіміз үстем болды.

Оқырманға түсінікті болуы үшін кейіпкеріміз туралы сәл кеңейтіп айта кетсек артық болмас. Альбина теннис ойынын алты жастан аса бастаған. Спорттың бұл түрімен айналысу туралы ұсынысты әкесі Руслан Кәкенов жасаса керек. Баланың өзіне де бірден ұнапты. Тенниске дейін гимнастикамен, жеңіл атлетика және шахматпен айналысқан. Қазір Астана қаласында жаттығады. Жаттықтырушысы Марат Шәріпов. Бір айта кетерлігі, жаттығу күніне екі мәрте өтеді екен. Өткен жылы 22 мәрте турнирге қатысып, 14-інде жүлделі орындарға ие болыпты. Қоржынында 10 алтын медалі бар.

Азия чемпионатында ең жоғары жетістікке жетіп, алтын медаль иеленген қазақстандықтар арасында Альбина Кәкенова мен Ариана Гогулина бар екен. Қазір Альбина Қазақстан құрама командасының сапында жаттығу өткізуде. Қазақстан теннис федерациясының спорттық даму жөніндегі атқарушы директоры Дэйв Майли жас ойыншылардың дәл осындай жоғары нәтижеге жетуі Қазақстандағы спорттың бұл түрінде болашақ зор екендігін айтады.

Америкада өткізілген додадан кейін бірде Австралияға аттанған. Осы мемлекеттің теннис федерациясы Альбина мен жаттықтырушысын Мельбурн саябағында өтетін Австралия ашық чемпионатының 2023 жылғы күнтізбесінде жыл сайын ұйымдастырылатын турнирге шақырған. Екі қарсыласын жеңіп, финалға шыққанын естіп жанкүйерлері қуанып отыр.

–Бұл турнирлер мені қатты қуаттандырады, – дейді Альбинаның өзі, – мәртебелі жарыстар өсуімізге, алға ұмт ылуымызға ықпал  етеді. Алдағы мақсатым Үлкен дулыға мен Билли жан Кинг кубогын иелену. Ол үшін әрине, көп жұмыс істеуім керек.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, еліміздің атын шығарып жүрген жас спортшылардың жетістігін айта отырып, құрбыларына үлгі еткіміз келді. Кейінгі толқын бір-бірінің толайым  табысына қуанып, үлгі алса, өздері де ұқсап бағуға тырысса, ғанибет емес пе?!

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар