Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғары мөлшері жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғары мөлшері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғарғы мөлшерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды партиялық тізіммен ұсынған саяси партиялар үшін меншікті қаражаттың жалпы сомасы 5 мың ең төменгі жалақыдан немесе 350 млн теңгеден аспауға тиіс. Республика азаматтары мен ұйымдардың ерікті қайырмалдықтары 10 мың ең төменгі жалақыдан не 700 млн теңгеден аспауы керек. Жеке тұлғалардың ерікті қайырмалдығының шекті мөлшері 100 ең төменгі жалақыны (7 млн теңге), ал заңды тұлғалардан 500 ең төменгі жалақыны (35 млн теңге) құрайды. Сайлау қорының жалпы мөлшері 15 ең төменгі жалақыдан аспауы қажет. Ол 1 млрд 50 млн теңгені құрайды.

Мәжілісте бір мандатты аумақтық округтен сайланатын депутаттыққа кандидаттар үшін өзінің қаражаты 200 ең төменгі жалақыдан немесе 14 млн теңгеден аспауы керек. Азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 500 ең төменгі жалақыдан (35 млн теңге), жеке тұлғаллардан 25 ең төменгі жалақыдан (1 млн 750 мың теңге), заңды тұлғалардан 50 ең төменгі жалақыдан (3,5 млн теңге) аспауы қажет. Ал сайлау қорының жалпы мөлшері 700 ең төменгі жалақыдан (49 млн теңге) аспауы шарт.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары депутаттарына кандидаттарды партиялық тізіммен ұсынған саяси партиялар үшін саяси партиялардың меншікті қаражаты 70 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал республика азаматтары мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 140 млн теңгеден астауы қажет. Сонымен қатар жеке тұлғалар, 3,5 млн теңге, заңды тұлғалар 17,5 млн теңге қайырмалдық бере алады. Сайлау қорының жалпы мөлшері 210 млн теңгеден астауы керек.

Ал бір мандаттық округ бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары депутаттарына кандидаттар үшін кандидаттың өз қаражат 7 млн теңгеден, азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 147 млн теңгеден, жеке тұлғалардың қайырмалдығы 700 мың теңгеден, заңды тұлғалардың қайырмалдығы 1 млн 750 мың теңгеден аспауы тиіс. Сайлау қорының жалпы мөлшерін 21 млн теңгеден асыруға болмайды.

Бір мандатты округтерден сайланатын аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттарына кандидаттар үшін кандидаттың өз қаражаты 3,5 млн теңгеден аспауы керек. Азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырмалдығы 7 млн теңгеден, жеке тұлғалардың ерікті қайырмалдығы 350 мың теңгеден, заңды тұлғалардан 1 млн 50 мың теңгеден аспайды. Сайлау қорының жалпы мөлшері 10,5 млн теңгені құрайды.

«Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жарғылық капиталында шетелдік қатысушы бар қайырымдылық ұйымдардың, діни бірлестіктердің, қазақстандық заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдығына, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жасырын қайырмалдығына тыйым салынады», — деді Сәбила Мұстафина.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар