Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау-2023: Сарапшылар депутаттық құрамның жаңаруына қатысты пікір білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау-2023: Сарапшылар депутаттық құрамның жаңаруына қатысты пікір білдірді

– 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау өтеді. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясы тиісті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Осы орайда бұл процеске қатысты сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Елдегі демократиялық өзгерістерді үнемі бақылап отыратын америкалық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты пікір білдірді.

«New Lines Institute for Strategy & Policy» оқыту және талдау өнімдері бағдарламасының аға талдаушысы және басшысы Евгений Чаусовский Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында кезектен тыс Парламент депутаттарын сайлау туралы шешімін қайта саяси құрылымдау процесінің жалғасы ретінде қарастыруға болатынын атап өтті.

Сарапшының пікірінше, бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатты сындарлы даму жолына түсіруге бағытталған кең ауқымды өзгерістер процесінің соңғысы.

«Second Floor Strategies» консалтингтік фирмасының президенті Алехандро Санчес жаңа сайлау күні кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті.

Америкалық сарапшының пайымынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төменгі палатаны таратып, жаңа сайлау күні ретінде 19 наурызды таңдауы екі мақсатты көздейді. Біріншісі – қазіргі Үкіметтің бұрынғы Үкіметтің жалғасы еместігін және оның ықпалында болмайтынын дәлелдеу. Екінші мақсат – Қазақстан халқына Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі кезінде мемлекеттік басқару мен саяси өкілдіктің ұтымды жұмыс істейтінін көрсету.

«Қазақстан Президенті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдайтын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға уәде берді. Қазақстандықтар өздерінің көзқарасы құрметтелетін және ескерілетін елде тұруға лайық», – деді Уайлдер Алехандро Санчес.

Сенат құрамы жаңарды

Жақында Сенат отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек екенін қадап айтты.

«Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет. Барша отандастарыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады.

«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға ірткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Осы аптада Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі толығымен аяқталды. Сенат депутаттарының арасында әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Былтыр конституциялық реформаның қолға алынғанын еске салды.

«Ата заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президентті сайлау өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің Жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды», – деді Президент.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түскенін айтты. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады

Бұл ретте ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлмира ТоқановаПарламенттің жоғары палатасында депутаттық құрамның жаңаруына қатысты пікір білдірді.

Сарапшының атап өтуінше, қаңтар айының ортасында 40 сенатордың жартысын әдеттегідей 3 жылда бір рет өңірлік мәслихат депутаттары сайлады. Оның қатарында жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының да өкілдері бар. Осылайша Сенат ел билігінің заңнамалық тармағындағы өңірлік өкілдікті толығымен қамтыды.

Оның пайымынша, Сенат құрамын жасақтауды аяқтау елдің саяси оқиғалар тізбегіндегі маңызды оқиғаларды түйіндейді. Бұл әсіресе, алдағы Мәжіліс депутаттарын сайлау тұрғысынан өте маңызды. Мәжіліс қызметін доғарған аралықта барлық заңнамалық қызмет Сенатқа жүктеледі. Ал бұл үлкен өзгерістер жағдайында да биліктің осы тармағы жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Ермек Тоқтаров Сенаттың жаңарған құрамын сәтті жасақтау саяси институттар тұрақтылығын білдіретінін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, Сенат депутаттық корпусының бір бөлігін сайлау конституциялық мерзімде іске асырылды.

«Сенат Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі саналады. Жоғары палатаның жаңарған құрамын сәтті қалыпастыру саяси институттар тұрақтылығын, оларды қалыптастыру процедураларының тыңғылықтылығын көрсетеді. Мәжіліс болмайтын кезеңде Сенат Парламенттің бүкіл заңнамалық қызметін орындайды. Бұл алдағы сайлауды елдегі орталық билік өкілдігін сақтай отырып өткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Атап айтқанда, 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді. Онда 12 млн-ға жуық азамат дауыс беріп, өз таңдауын жасайды.

Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы – бір мандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса алады және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлы жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы – партиялық тізімдер бойынша сайланбақ.

Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мажоритарлық жүйе – саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін әдіс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар