Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтардың жартысынан көбі Мәжіліс сайлауына барады – сауалнама - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандықтардың жартысынан көбі Мәжіліс сайлауына барады – сауалнама

– 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс берушілердің жартысынан астамы бармақ. Аталған көрсеткіш қоғамдық сауалнама нәтижесінде анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты биыл 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Оған 17 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысқан. Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламент сайлауы өтсе, сіз қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

«Сауалнама қорытындысы бойынша 2023 жылдың 19 наурызында парламент сайлауына баратындардың ықтимал көрсеткіші 53,3% құрады. Оның ішінде 39% дауыс беруге нақты баратынын айтса, қалған 14,3% баруы мүмкін екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш барлық топта бірдей. Яғни дауыс берушілердің жынысына, жасына және материалдық жағдайына қарамастан», — делінген хабарламада.

Респонденттердің қалған 34,6 пайызының — 11,5% сайлауға бармауы мүмкін, 23,1% сайлауға бармайды.

Сұраққа нақты жауап бере алмағандар – 12,1%.

Цифрлардың ауытқуы +/- 2,8% құрайды.

Мәлім етілгендей, азаматтардың алдағы сайлауға қатысты пікірін білу Орталық сайлау комиссиясының ресми рұқсатымен жүргізілген.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар