– Наурыз айында Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде Respublica партиясында қамтылатын кандидаттар тізімі бекітілді. Бұл туралы аталған партияның кезектен тыс І Съезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таратылған мәліметке қарағанда, Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілді.
Партиялық тізім бойынша Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың арасында:
- Айдарбек Ходжаназаров.
- Айтуар Қошмамбетов.
- Әсел Дәкен.
- Әсем Әбдірайымова.
- Бақытбек Хамит.
- Бейбіт Әлібеков.
- Дамир Суентаев.
- Данара Смайл.
- Дархан Иманашев.
- Динара Наумова.
- Динара Шүкіжанова.
- Екатерина Смолякова.
- Ермек Өмірзақов.
- Зейнолла Әбдуманапов.
- Игорь Копайлов.
- Қайрат Майшев.
- Қуаныш Шонбай.
- Қуанышбек Мұқаш.
- Қырмызы Жандосова.
- Нұрлан Қоянбаев.
- Нұргүл Тау.
- Олжас Сұлтанов.
- Олжас Болатбекұлы.
- Олжас Құспеков.
- Берденов Руслан.
Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылғандар:
- Бағила Балтабаева
- Махамбет Хасенов
- Назигүл Шаймарданова
- Сырымбек Тау
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі съезге партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар — Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Республика партиясының 20 аймақтық филиалының өкілдері, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып жатыр.