Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Бурабай» спорт сарайында кезекті хоккей ойынының алдында жергілікті «Арлан» хоккей клубын алғаш құрушылар Рамазан Айғайбеков пен Вячеслав Мироновтың есімдері жазылған туды көтеру рәсімі өтті.
2009 жылы «Бурабай» спорт сарайы пайдалануға берілгенде, Ақмола облысының темір жол бөлімшесінің басшысы Вячеслав Иванович Миронов пен оның бірінші орынбасары Рамазан Байзоллаұлы Айғайбековтың бастамашыл тобы сол кезде жаңа хоккей клубын таза парақтан құруды қолға алды. Бұлбірден облыс пен қала басшылығы деңгейінде мақұлданды.Кейін «Арлан» үлкен белестерге жетіп, Қазақстан чемпионатында топдеңгейдегі командаға айналды.
−Көкшетау халықаралық турнирлерде елімізді танытқан спортшылардың Отаны. Біздің өлкеміз жеңіл және ауыр атлетика, қысқы спорт түрлерінен және хоккейден чемпиондармен бай. «Арлан» хоккей клубы беделді жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, онда біздің хоккейшілер жақсы нәтиже көрсетті. Мен барлық хоккей әуесқойларын қарсы алғым келеді. 2009 жылдан бастап Көкшетауда «Арлан» хоккей клубы құрылғаннан бері біздің осы ойынды сүйетіндер көптеген жағымды эмоцияларды алатын жанды ойынды тамашалауға мүмкіндік алды. Оның негізін қалаушылар – Вячеслав Миронов пен Рамазан Айғайбеков екені белгілі. Бүгін матч алдында біздің хоккейдің дамуына үлес қосқан осы адамдардың есімдері жазылған Спорт сарайының ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Рамазан Байзоллаұлыөкінішке орай, өмірден озды. Бірақ, оның облыс орталығында спортты дамыту үшін жасаған істері мәңгі қалды,–деді Ақмола облысының хоккей федерациясының президенті Қайсар Арлан.
Көкшетаулықтар тұрақты чемпионатты бес рет жеңіп алып, екі рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Жетістіктер қатарында екі қола медаль, 5 күміс және алтын бар. Бірақ,«Арланның» ең үлкен жетістігі 2019 жылы Солтүстік Ирландияда қол жеткізген Еуропа Континентальды Кубогындағы жеңіс деп саналады. Айта кету керек, бұл жетістік бірегей, өйткені, Қазақстаннан бірде-бір команда бұл олжаға қол жеткізген жоқ.
– Құрметті жерлестер, сіздерді осы оқиғамен құттықтаймын. Мені шақырғандарыңызға өте қуаныштымын. Клубқа тек сәттілік тілеймін. Сіздерге хоккейдің жанкүйері болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін, – деді өз құттықтау сөзінде «Арлан» хоккей клубының негізін қалаушы Вячеслав Миронов. Хоккей матчын көруге облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты.
«Арлан» әлі күнге дейін Ақмола облысының атынан ішкі чемпионатта лайықты өнер көрсетіп келеді және көптеген жылдар бойы жүлдегерлер қатарында жүр. Клубтың негізін қалаушылардың бірі – Рамазан Айғайбековтың есімін иеленген жергілікті хоккей академиясы ашылып, жемісті жұмыс істеуде.
Хоккей клубын құрып, оғантұрақты қамқорлық жасағандары үшін алғыс ретінде осы адамдарды еске алу туралы шешім бірауыздан қабылданған.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.