Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан «Иштван Боскай» халықаралық турнирі аяқталды.
Байрақты жарысқа 20-дан астам елден барған былғары қолғап шеберлері қатысты.
Ақмола облысынан барған спортшылар арасында 48 келі салмақта Теміртас Жүсіпов чемпион атанды. Ал + 81 кг салмақта Валерий Аксенова күміс жүлдеге ие болды.