Ақмола облысы прокурорының орынбасары Серік Қазақстанұлы Ілиясовтың төрағалығымен жеке құраммен «сотқа дейінгі тергеуді тіркеу және азаптау туралы істер бойынша шұғыл тергеу іс – қимылдарын жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Е.А. Қажығалиев пен қылмыстық қудалау басқарма бастығының м.а. Н.С. Петрова баяндама жасап, аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың алғашқы кезеңдерінде туындайтын мәселелерді шешу жолдарын айтты..
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптау істері бойынша айрықша тергеу прокуратура органдарына тағайындалды.
Егер бұрын азаптау туралы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полицияның ішкі қауіпсіздік басқармасы немесе басқа да қылмыстық қудалау органдары тергеген болса, қазір бұл істерді тек прокурорлар тергейді..
Бұл ел Президентінің жоғары сенімі және қоғамның сұранысы, сонымен бірге объективті және әділ іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін үлкен жауапкершілік.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасты, әдістемелік материал семинардың барлық қатысушыларына жолданды.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.